жұма03 қаңтар 2025
inbusinesskz.com

Таиландта туристер үшін жаңа ережелер енгізілмек.

Енді осы елге кіріп-шығу үшін рұқсат алу қажет.
В Таиланде стартуют новые правила для путешественников.

ETA, яғни электронды кіру рұқсаты, 2025 жылдан бастап Тайландта енгізілетін болады. Оны визасыз елдерден келген барлық туристер, соның ішінде Қазақстан азаматтары да алуы қажет.

2024 жылдың желтоқсанынан бастап ETA пилоттық режимде енгізіледі, ал 2025 жылдың маусымында толық көлемде іске қосылады.

Бұл бастама иммиграциялық рәсімдерді жеңілдетуге, келушілердің бақылауын оңтайландыруға және визасыз туристер үшін кіру рәсімін жылдамдатуға арналған. Жаңа жүйе саяхатшыларға QR-код арқылы автоматтандырылған паспорттық бақылау өткелдерінен жылдам өтуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

ETA рұқсатын интеграциялау процесі аясында, 2025 жылдың жазына қарай жүйе e-Visa ресми сайтында толық іске қосылады, бұл Тайландқа баруды қалайтындардың өтінім беруін айтарлықтай жеңілдетеді.

ETA кіру рұқсаты 60 күн бойы жарамды болады және сапар барысында бір рет 30 күнге ұзартуға мүмкіндік береді. Электронды рұсат тек бір реттік кіруге арналған және әр жаңа сапар үшін қайта рәсімдеуді талап етеді.

Өтінім беру рәсімі туралы толығырақ ақпарат жүйе іске қосылғанға жақын жарияланады.