бейсенбі21 қараша 2024
inbusinesskz.com

Қазақстанда балық өсірушілер үшін жаңа субсидия түрі енгізіледі.

Мәжіліс пленарлық отырыста «Аквакультура туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.
В Казахстане запустят новый тип субсидий для рыбоводов.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин атап өткендей, субсидиялау, жеңілдетілген кредиттер беру және ғылыми қолдау сияқты мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары енгізілуде.

«Балық шаруашылығы үшін су жеткізу қызметтерінің құнын өтеу бойынша жаңа субсидия түрі қарастырылған. Субсидиялар агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау жөніндегі мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы беріледі», — деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, балық шаруашылықтары үшін су айдындарын беру бойынша жаңа тәртіп енгізілетін болады.

«Заң жобасында су айдындарын конкурс негізінде және конкурс өткізбестен беру тәртібі қарастырылған. Сауда-саттық электрондық портал арқылы өткізу ұсынылады. Егер инвестиция сомасы 150 мың МРП (шамамен 550 миллион теңге) кем емес болса, онда балық шаруашылығын құру бойынша инвестициялық жобалар үшін халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарын конкурс өткізбей беру мүмкіндігі бар. Инвесторлар үшін негізгі талаптар: бизнес-жоспардың болуы және қаржыландыруды растау. Міндеттемелер — өндірістік қуаттарды салу және өсіру көлемін ұлғайту», — деп қосты вице-министр.