Екі құрылыс нұсқасы қарастырылуда: бірінші — жұмыс істеп тұрған терминалдың қасынан шағын терминал салу, ғимараттарды келу және кету аймақтарына бөлу; екінші — үлкен көлемдегі терминал салу. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ, бүгінгі күні өңірде «Сарыозек-Коктал» жолының 45-ші километрінен 68-ші километріне дейін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, ал 68-ші километрден 110-шы километрге дейін орташа жөндеу жүргізілді. Келесі жылы 0-ші километрден 45-ші километрге дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде, жол толық ретке келтіріледі.
«Талдыкорган-Калбатау-Усть-Каменогорск» жолын қайта жаңарту жұмыстары да аяқталуға жақын, жалпы ұзындығы 762 км.