Министр атап өткендей, ең басты бағыттардың бірі – өзара сауданы арттыру.
2024 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы елдер арасында 67 млн долларды құрады, оның ішінде Қазақстаннан Францияға экспорт рапс дәндерінің экспортының артуы есебінен шамамен 6 есеге өсті.
Кездесу барысында МРС экспортына ветеринарлық талаптарға өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды, сондай-ақ Synetics және «Асыл-Түлік» АҚ-мен жүзеге асырылатын француз ірі қара тұқымының жыныстық жолмен ұрықтандыру арқылы қазақ тұқымдарын жақсарту жөніндегі бірлескен жоба қарастырылды.
Сонымен қатар, кездесу қатысушылары Danone компаниясының қуаттылығын кеңейту және Limagrain компаниясының тұқымдарын Қазақстан аумағында локализациялау жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Danone зауытында жыл сайын 50-ден астам жоғары технологиялық сүт өнімдері шығарылады, жалпы көлемі 18 мың тонна, оның 40%-ы Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдеріне экспортталады. Йогурттарды өндіру үшін кәсіпорын тек Қазақстан фермерлерінің сүтін пайдаланады. 2025 жылы 730 млн теңге сомасына қосымша желі орнату жоспарлануда.
Еуропалық нарыққа жылқы етін экспорттау мәселесі де маңызды болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Францияда өткен Мал шаруашылығы саммиті аясында «Қайып Ата» мен «Pegase BVS» компаниялары арасында жылқы етін жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Бүгінгі таңда шаруа және фермерлік шаруашылықтар Францияға жылқы етін экспорттауға қызығушылық танытуда.