Министрліктің мәліметтері бойынша, әлеуметтік желілерде кезекті рет кез келген көлік түріне жүргізуші куәлігін сату туралы хабарландырулар пайда болды. Экзамен тапсырудың қажеті жоқ, ал рәсімдеу процесі бар болғаны 2-3 күнді алады делінеді.
Жарнама авторлары барлық нәрсе заңға сәйкес жүзеге асырылатынын айтады. Бұл алаяқтар.
Жалған жарнамалық хабарландыруларға ҚР ІІМ баспасөз қызметінде бұрын пікір білдірген болатын.
«Әлеуметтік желілерде жүргізуші куәліктерін алуға көмек көрсету жөнінде сыйақы үшін алаяқтық ақпарат таралуда, бұл заңсыз және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Негізінен алаяқтар алдын ала төлемді сұрап, одан кейін із-түссіз жоғалып кетеді. Осыған байланысты азаматтарды мұқият болуға және күмәнді мәмілелерге келісуге жол бермеуге шақырамыз. Мұндай жолмен жүргізуші куәлігін алу мүмкін емес. Күмәнді ұсыныстар анықталған жағдайда, дереу полицияға хабарласыңыз», — делінген ведомствоның хабарламасында.
ҚР ІІМ жүргізуші куәлігін алу рәсімін еске салды:
– жүргізуші мектебінде міндетті оқудан өту, оның аяқталуы бойынша тиісті категориядағы жүргізуші куәлігін алу үшін курстың аяқталғаны туралы куәлік беріледі;
– теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру үшін арнайы ЦОН-ға жүгіну.
Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, жүргізуші мектебінің курсын аяқтағаны туралы куәлік, медициналық анықтама, сондай-ақ жүргізуші куәлігін жасау үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.
Емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін көлік құралын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігі беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, жазда құқық қорғау органдары да қазақстандықтарға жүргізуді жеңілдетуге көмектесеміз деп алаяқтар туралы ескерту жасаған болатын.