2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда өнеркәсіптік өнімнің жалпы сомасы 40 391,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Kazpravda.kz Qazstat деректеріне сілтеме жасап.
Оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде - 18 448,2 млрд теңге (жалпы көлемнің 45,7%), өңдеуші өнеркәсіпте - 19 192,6 млрд теңге (47,5%).
Өңірлер арасында ең үлкен өсім Ұлытау, Қарағанды және Түркістан облыстарында тіркелді.
Салалар бойынша өсім: тау-кен өнеркәсібі - 0,3%, өңдеуші өнеркәсіп - 4,8%, электр энергиясымен, газбен, бу мен ыстық сумен қамтамасыз ету - 4,9%.