Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалар индексі 0,1% құрады. Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылдағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады, деп хабарлады Сауда министрлігі, деп жазады Kazpravda.kz
Ведомствоның мәліметтері бойынша, өткен аптада қант пен бидай ұнының бағасы 0,2%-ға, күріш - 0,4%-ға, гречка - 0,9%-ға төмендеді. Нан, макарон, сүт және кефир бағалары тұрақты (0,0%) қалды. Сондай-ақ, сиыр еті, сүзбе және жұмыртқа бағаларында 0,1%-дық аз ғана өсім байқалады.
Елдегі қанттың орташа бағасы 389 теңге. Ақтөбеде қантты 349 теңгеге сатып алуға болады, ал Батыс Қазақстан облысында - 367 теңгеге.
Бидай ұнының орташа бағасы 223 теңге. Шымкентте бірінші сортты бидай ұны 168 теңге, Ақтөбе мен Қарағандыда - 166 теңге. Ең арзан бидай ұны Солтүстік Қазақстан облысында, мұнда килограмы 150 теңге.
Елдегі күріштің орташа бағасы 446 теңге. Қызылордада күрішті 389 теңгеге, Ақмола облысында - 406 теңгеге сатып алуға болады.
Гречка крупасының орташа бағасы - 207 теңге. Астанада килограмм гречка 187 теңге, Қарағандыда - 176 теңге, Қостанайда - 192 теңге, Павлодарда - 151 теңге, Қызылордада - 189 теңге.
Елдегі сүттің орташа бағасы - 403 теңге. Ақтөбеде 1 литр сүт 341 теңге, Ақмола облысында - 303 теңге, Қостанайда - 405 теңге, Шығыс Қазақстан облысында - 381 теңге, Павлодарда - 360 теңге, Түркістанда - 278 теңге.
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 7 түрі арзандады: күнбағыс майы - 0,8%, қант - 3,2%, капуста - 3,3%, бидай ұны - 6,3%, күріш - 8%, сәбіз - 9,1%, гречка крупасы - 34,5%.