Арнайы ауданаралық қылмыстық соты Грузиядан экстрадицияланған бұрынғы мемлекеттік кірістер қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
Негізгі көлік прокуратурасының ақпаратына сәйкес, сот барысында айыпталушы 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан-Ресей шекарасындағы автокөлік өткізу пунктінен көліктердің кедергісіз өтуі үшін 75,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны дәлелденді.
«Сотталған адам 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, мемлекеттік және қаржылық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мүлікті тәркілеу шарасын қолданды және айыпталушыдан параның сомасын өндіріп алды», – деп атап өтті бақылаушы орган.
Сондай-ақ, соттың үкімі заңды күшіне енбегенін қосып өтті.