Аймақтық сәулет және құрылыс мемлекеттік инспекциясының мәліметінше, 57 тұрғын көпқабатты үйдің 12-сі бюджет қаражаты есебінен салынып жатыр, 45-і – коммерциялық нысандар. Құрылысшыда 7 ЖК бойынша толық құжаттар пакеті болмаған, тағы 2-уінде үлестік қатысу мәселелері анықталған.
Кейбір ЖК жобалардан ауытқулар жасалған. Сонымен қатар, кәсіпкерлерді премиум-класс пәтерлер ретінде ұсынылған кәдімгі тұрғын үйді жарнамалауда алдау әрекеттерінде айыптады.
Барлығы 23 нысанда заң бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижесінде «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңды бұзғаны үшін 21 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғын үй сатып алуды жоспарлап отырған азаматтарға инспекция бронь келісім-шарттарының заңсыз екенін және көрсетілген мерзімде пәтерді кепілдемейтінін еске салды. Сондай-ақ, инспекторлар сатып алудан бұрын қажетті рұқсаттардың бар-жоғын homeportal.kz тұрғын үй порталының сайтынан тексеруді ұсынды.