26%-дан астам тасымалданатын мұнай, яғни 15,1 млн тонна, отандық НПЗ-дарға жеткізілді. Каспий құбыры консорциумы арқылы шамамен 46,3 млн тонна мұнай тасымалданды.
«Атырау - Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі шамамен 7,2 млн тоннаны құрады. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай Германияға жөнелтілді.
10 айдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан 3,1 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды, оның ішінде Махачкала портына 1,6 млн тонна, «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбырына 1,2 млн тонна жөнелтілді.
«Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры маршруты бойынша 1 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды.
Сондай-ақ, 10 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнай көлемі 8,4 млн тоннаны құрады, оның ішінде Ресей - Қытай маршруты бойынша 8,2 млн тонна, Ресей Федерациясы - Өзбекстан Республикасына 217 тонна мұнай жөнелтілді.
Қазақстандық мұнай Италия, Нидерланд, Қытай, Оңтүстік Корея, Румыния, Франция, Греция, Түркия, Сингапур, Германия және басқа да елдерге экспортталады.