«Біздің аграрийлерімізге экспортқа өнім шығаруда қолдау көрсету аса маңызды. Аграрлық өнімдерді сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды жандандыру қажет. Қазақстан өнімдерінің жеткізілім географиясын кеңейтуге байланысты жаңа көлік-логистика бағыттарын әзірлеу керек», — деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы, транспорт, сауда министрліктеріне ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін нығайту жөнінде кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.
Оның айтуынша, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін оның өңдеу деңгейін арттыру қажет. Премьер-министр 2027 жылға дейін агросекторда 2,3 триллион теңге көлемінде 700-ден астам жобаны жүзеге асыру жоспарланғанын еске салды.
«Бұл президенттің өңдеу үлесін 70%-ға жеткізу тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдері барлық осы жобаларды қатаң бақылауда ұстап, толық өндірістік қуатқа шығуына дейін сүйемелдеу керек», — деп атап өтті Бектенов.