«Несие қаражаты ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде тартылуда», — деп түсіндірді мәжіліс депутаты Татьяна Савельева.
Хабарланғандай, заң жобасы 2024 жылғы 18 қарашада үкіметтің қаулысымен енгізілген. Бұл келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалды. Халықаралық қайта құру және даму банкі тарапынан берілетін несие Қазақстан Республикасына 84,9 миллиард иен көлемінде, 11 жыл мерзімімен беріледі. Теңгеге аударғанда, бұл 274 миллиард теңгеден асады.