Іс-шараға агенттік, Көлік министрлігі, теміржол және су көлігі комитеттері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы және «Әлеуметтік маңызды байланыстар бойынша теміржол тасымалдаушылары ассоциациясы» өкілдері қатысты.
«Пассажирлік тасымалдарды субсидиялау жүйесіндегі бар ауыр бұзушылықтар талқыланды. Мемлекеттік қолдау арқасында едәуір табысқа қол жеткізген жеке тасымалдаушылардың қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Бұл жолаушылардың вагондардың санитарлық және техникалық жағдайына қатысты көптеген шағымдарына әкелуде», — делінген мемлекеттік органның хабарламасында.
Сонымен қатар, азаматтарға қолайсыздық туғызатын билет тапшылығы мен пойыздардың тұрақты кешігу мәселелері атап өтілді.
Кеңес нәтижесінде агенттік субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарауды, субсидиялау жүйесін цифрландыру мәселелерін зерттеуді, тиімді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етуді (пойыздарды тексерудің аудио-, видео-бейнемазмұны, қызмет көрсету сапасын бағалау критерийлерін белгілеу және жазалаудың санкциялары жүйесін енгізу), тасымалдаушы компанияларда аудит жүргізуді, сондай-ақ жаңа вагондардың үлесін арттыруды ұсынды.