«Олар жергілікті тұрғындардан заңсыз шөп шабу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін алдын ала келісім бойынша топпен бірнеше рет пара алу қылмысын жасады деп танылды. Абылкасимов пен Шалапановқа 10,5 миллион теңге көлемінде, Бейсеновке 15,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.
Сол үкіммен Алакөл ауданының тұрғындары Булгунчинов О. және Канагатов К. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін 6 миллион теңге және 2,2 миллион теңге көлемінде айыппұлға кесілді.
Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салынды.
Сот актісі заңды күшіне енді.