Кездесуде премьер-министр Олжас Бектенов елде 2030 жылға дейін қызмет мерзімі аяқталған 800-ден астам ескірген жолаушылар вагондарының эксплуатациядан шығарылатынын еске салды. Премьер ведомство басшысынан тапшылықты қалай азайту жоспарланып отырғанын сұрады.
«Бұл мәселе өте өзекті. 2025 жылдан бастап Астанада жолаушылар вагондарының өндірісі басталады, бұл 2030 жылға дейін 500-ден астам жолаушылар вагондарын шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Петропавлда 300 вагон шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Болашақта жолаушылар вагондары паркі жаңартылатын болады», — деп хабарлады Шарлапаев.
Оның айтуынша, теміржол машина жасау саласы дамуға үлкен әлеуетке ие. Қазіргі уақытта подвижной составтың жалпы паркі шамамен 139 мың бірлікті құрайды. Орташа тозу — 55%.
Ол бүгінгі таңда теміржол машина жасау кәсіпорындары 423 миллиард теңге көлемінде өнім өндіргенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп екенін атап өтті.
«Жыл қорытындысы бойынша жүк вагондарының өндірісін 4 есеге, яғни 2000 бірлікке жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, 122 жолаушылар вагонын және 130 локомотив өндіру жоспарлануда», — деді Индустрия министрі.