«Объектте тапсырыс беруші құрылыс-монтаж жұмыстарын жер теліміне құқық, мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама, техникалық және авторлық бақылау, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы хабарлама жоқ болған жағдайда бастады, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң талаптарын бұзу болып табылады», — делінген әкімдіктің хабарламасында.
Ведомство құрылыс объектілерін салу кезінде «Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңды сақтау қажеттігін еске салды.