«4 адамнан тұратын топ, шетел азаматтарымен бірге, өңірдің жүзден астам тұрғынын алдап, оларға 100 миллион теңгеден астам шығын келтірді. Олар өздерінің қылмыстық ниеттеріне жету үшін әртүрлі алдау схемаларын және заманауи технологияларды — қашықтан қол жеткізу үшін қосымшаларды (AnyDesk, Kenguru, Teamviewer) және т. б. пайдаланды. Топта өздерінің «Ақша айналым орталығы» бар, онда дроперлерді пайдалана отырып, қаржыны криптовалютаға айналдырды», — деп түсіндірді прокуратурада.
Олардың тұратын жерінде жүргізілген тінту кезінде 35 ұялы телефон, 3 жүйелік блок, 3 ноутбук, 2 пневматикалық тапанша және қымбат нөмірлі 3 люкс автокөлік тәркіленді.
Қазіргі уақытта топтың 4 мүшесіне қатысты алдын ала тергеу жүргізілуде, олар қамауда отыр. Жасалған қылмыс үшін күдіктілерге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қаупі төніп отыр.