«Биылғы жылы жұмыс тобы кондоминиум нысанын басқару мен жалпы мүлікті күтіп ұстау тарифін есептеу жұмыстарын «Шығындардың минималды мөлшерін есептеу әдістемесіне» сәйкес жүргізді», — деді Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасының жетекшісі Дулат Ашкенов.
Алматыда жалпы мүлікті күтіп ұстаудың минималды тарифі 2010 жылы әкімдіктің қаулысымен бекітілген және шаршы метріне 25 теңге мөлшерінде белгіленген, бұл тарифтің қолданылу мерзімі бір жылмен шектелген. Бұрын қала мәслихаты 2025 жылға тұрғын үйді басқару және күтіп ұстау бойынша минималды тарифті 40 теңге мөлшерінде өзгерту туралы шешім жариялаған.
«Көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға арналған шығындарды есептеу әдістемесіне енгізілген міндетті қызметтердің тізімі басқару қызметтерінен тұрады, олардың үлесі 30%-дан аспайды, ал қызмет көрсету үлесі кемінде 70%-ды құрайды», — деп хабарлады қала әкімдігі.
Әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында тұрғын үйді күтіп ұстаудың минималды тарифінің өсуіне байланысты Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәслихат шешімінің жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта келісу кезеңінде тұрған бұл жобада әлеуметтік осал топтағы тұрғын үй иелеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.