«Валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімнің төмендеуі инвестициялық климатқа теріс әсер етеді, инвестициялық жобалардың қымбаттауына алып келеді және жалпы проинфляциялық әсер етеді. Сондықтан валюталық нарықтың теңгерімін арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50% міндетті сатылымы туралы норманы қайта енгізу жоспарлануда. Осыған байланысты үкіметтің тиісті қаулысы мен Ұлттық банктің бұйрығы дайындалған және жақын арада қабылданады», — деп хабарлады Алия Молдабекова.
Ұлттық банк вице-президенті бұған дейін бұл норманың 2023 жылдың тамызына дейін әрекет еткенін, сол кезде макроэкономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты тоқтатылғанын еске салды.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл норма әрқашан шоктарды жұмсарту үшін жедел қолданылатын тиімді құрал болып табылады.
«Ішкі валюталық нарықта экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына деген сұраныстың артуы және валюталық нарықтағы ұсыныстың шектеулі болуы байқалады. Шетел валютасына деген сұраныстың өсуі жалпы экономикалық белсенділіктің, соның ішінде сыртқы экономикалық белсенділіктің артуымен байланысты. Сондай-ақ, бюджет шығындарының және квазимемлекеттік компаниялардың инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға жұмсалатын шығындарының өсуі әсер етеді. Осы факторлардың барлығы импортты арттыруды және, сәйкесінше, шетел валютасына деген сұраныстың өсуін ынталандырады», — деп түсіндірді Молдабекова.