Қазақстан Арменияға ет экспортын бастады, деп хабарлайды бизнес ақпарат орталығы Kapital.kz ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы 20 тонна мұздатылған шошқа еті Ереванға экспортталды. Экспорттаушы – Солтүстік Қазақстан облысындағы EMC Agro компаниясы. Бұл кәсіпорын үшін шетелдік кәсіпкерлермен ынтымақтастықтағы алғашқы тәжірибе, себебі бүгінгі күнге дейін ТОО өнімдері тек Қазақстанда сатылды.
«Біз сондай-ақ Грузияға шошқа етін экспорттау бойынша келіссөздер жүргіздік. Жақын арада бұл елге де алғашқы 20 тонна ет жіберіледі. Бұл Қазақстан үшін үлкен оқиға деп айтуға болады, өйткені бұл нарық бізге жаңа ашылып отыр. Армения мен Грузия бізден айына 400 тоннаға дейін ет сатып алуға дайын екендіктерін білдірді. Айтпақшы, біздің кәсіпорын әр ай сайын ел ішінде 700-800 тонна шошқа етін сатады. Яғни, егер біз осы екі бағытпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатсақ, өнімнің 50%-ы шетелге жіберілетін болады», - деп атап өтті компанияда.
Жалпы, EMC Agro Қытаймен, әлемдегі ең ірі шошқа етін тұтынушымен ынтымақтастықты қарастырып отыр. Биылғы жылдың жазында Қытайдың ет қауымдастығының өкілдері EMC Agro өндіріс орнына келді. Өндірісті қарап шыққан қауымдастық жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты. Осыған орай, компания Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының ауылшаруашылық өнімдерін жеткізушілер тізіліміне кіру үшін жұмыс жүргізуде.