«LRT белсенді түрде мемлекет басшысының қолдауымен салынып жатыр. Эстакаданың барлық жұмыстары аяқталды. LRT-ның барлық инфрақұрылымы жазда дайын болады, қазір рельстерді төсеу жұмыстары жүргізілуде, көктемде сигнализация бойынша жұмыстар басталады», — деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.
Оның айтуынша, алғашқы пойыздар келесі жылдың тамыз-қыркүйек айларында келеді, шамамен күзде алғашқы 15 құрамның келуі жоспарлануда.
«Техникалық қозғалыс келесі жылдың соңында ашылады, ал толық іске қосу жұмыс режимінде 2026 жылдың басында болады. Бастапқыда жобаны жоспарлағанда, күніне шамамен 20 мың жолаушы ағыны күтілген. Бүгінгі күні біз ағынның бірнеше есе көп болатынын көріп отырмыз. Жол ақысы қайта есептеледі, сондықтан нақты бағасын айта алмаймын. Бұл қоғамдық транспорт екенін айтқым келеді, бағаларды мүмкіндіктер шегінде ұстауға тырысамыз, сондықтан баға ақылға қонымды және қолайлы болады», — деп нақтылады әкім.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы елордадағы LTR жобасының құрылысын жалғастыру үшін 50 миллиард теңге бөлінді. Сол уақытта, әкімдіктің мәліметтері бойынша, осы жобаға шамамен 600 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Жалпы LRT желісі 11 жер үсті станциясы және 7 үстіңгі станциясымен бірге 18 станцияны қамтитын болады.