«Аталған банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстандағы айырбастау пункттерінде комиссия алынбай қабылдануы тиіс, егер олар шынайы және зақымданбаған болса», — деп ескертті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.
Хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасы зақымдалмаған және айналымға жарамды банкноттар үшін шетел валютасын айырбастау кезінде комиссияларды қарастырмайтыны айтылған. Айырбастау пункттері тек қабылданған банкноттар төлем қабілетсіз немесе қайта айналымға жарамсыз болған жағдайда ғана комиссия белгілей алады.
«Сондай-ақ, егер айырбастау пункті комиссия алса немесе банкноттардың шығу жылына байланысты шетел валютасын дифференциалды түрде айырбастаса, сондай-ақ валюта айырбастаудан негізсіз бас тартса, онда айырбастау пунктінің орналасқан жері бойынша Ұлттық банктің аумақтық филиалына шағымдану қажет. Шағымда бар құжаттарды қосымша бере отырып, тиісті заңды шараларды қабылдау үшін ақпарат көрсету керек», — деп толықтырды Ұлттық банк.