«Азамат сенімді тұлғалары арқылы 81 кәсіпкерлік субъектінен 55 миллион теңгеден астам ақша алғаны үшін күдікке ілінді. Бұл қаржы «Даму бала» платформасы бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлерге тексеру актілерінен балалар шығармашылығы мен спорт саласындағы бұзушылықтарды алып тастау үшін берілген», — деп хабарлады АФМ.
Спорттық құрал-жабдықтардың белгіленген талаптарға сәйкес еместігі, балалардың қатысуын есепке алудағы бұзушылықтар, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және балалардың спорт секцияларына қатысуын қамтамасыз етуге қатысты басқа да бұзушылықтар анықталды.
Бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты үй қамақта ұстау шарасы таңдалды.