Бүгінгі күні Астанада алименттерді өндіріп алу бойынша шамамен 21 мың атқарушылық құжат бар.
«Астана қаласының әділет және полиция департаменттері, сондай-ақ қаланың жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы тұрақты түрде «Борышкер» рейдтік іс-шарасын өткізеді. Оның мақсаты – алимент төлеуден жалтаратын немесе кіріс көздерін жасыратын тұлғалардан балаларға тиесілі қаражатты өндіріп алу», — деді Астана қаласының әділет департаменті басшысының орынбасары Жанна Сююмбаева СЦК-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, жыл басынан бері осындай рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 104 автокөлік тоқтатылып, алименттер бойынша 52 автокөлік коммуналдық арнайы тұраққа қойылды. Жалпы сома 67 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта жеке сот орындаушылары тоқтатылған автокөліктерді бағалау және аукционға шығару жұмыстарын жүргізуде.
Аталған категориядағы жұмыссыз борышкерлерге көмек көрсету мақсатында Астана әкімдігімен бірлесіп ай сайын «жұмыс жәрмеңкесі» өткізіледі. Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылы алимент төлемдері бойынша қарыздарын өтеген 136 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Жыл басынан бері Астанада сот алименттерді төлеуден жалтарған 163 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың 39-ы екіден бес тәулікке дейін қамалды, қалғандары 5 МРП мөлшерінде айыппұл салынды.