«Жаңа егінді тасымалдау қыркүйек-қазан айларында 2,2 миллион тоннаны құрады, оның 1,8 миллион тоннасы экспортқа жіберілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық», — деп хабарлады ведомство.
Тасымалдау Ресейге шектеусіз жүргізілуде. Ресейге 2 айда экспорт 23,4 мың тоннаны құрады, ал Ресей арқылы транзит 113 мың тоннаны құрады.
Ақтау порты арқылы Иранға жөнелту 2 айда 250 мың тоннаны асырды.
Орталық Азияның дәстүрлі нарықтарында жаңа егінді тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-дан астамға артты және 1 миллион тоннаны асырды.