«Мемлекет басшысы жақында өткен агрофорумда агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі күштерінің бірі екенін атап өтті. Үкімет АӨК дамуы бойынша міндеттерді орындау мақсатында кешенді шаралар қабылдауда. Аграриялардың айтылған тілектерін ескере отырып, премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстанда бүгін, 2023 жылдың 29 қарашасынан бастап, 2025 жылдың көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды», — делінген ведомство хабарламасында.
Президенттің тапсырмасын орындау аясында 2025 жылдың көктемгі егіс және жинау жұмыстарына 700 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлінеді, оның ішінде шамамен 560 миллиард теңге нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады.
Бүгіннен бастап «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 5% жылдық жеңілдетілген сыйақы ставкасымен қаржыландыруды ашты.
684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден 82 миллиард теңге көлемінде жалпы өтінімдер пулын қалыптастырылды, олардың ішінен 176 өтінім жұмысқа қабылданды.
59,9 миллиард теңге көлеміндегі 508 өтінім бойынша құжаттар жинақталу үстінде.
Консультациялар алу және өтінімдер беру үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ның жақын орналасқан өңірлік филиалдарына хабарласу қажет.