«Ақтөбе прокуратурасы бухгалтердің 2019 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде мектеп қажеттіліктері үшін бөлінген 230 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын өз қызметтік жағдайын пайдаланып иемденгенін анықтады. Иемдену схемалары белгіленген нормадан тыс жалақы төлеу, қосарланған демалыс ақылары арқылы жүзеге асырылды. Бухгалтердің әрекеттері ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша «Басқа адамның мүлкін иемдену немесе ысырап ету» ретінде сараланды», — деп хабарлады прокуратура.
Арнайы прокурорлар қылмыстық істі Ақтөбе қаласы №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жіберді. 24 қазанда сот бухгалтерді кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды, сонымен қатар 7 жыл бойы материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырды.